Жұмысшы мамандықтар жылына орай шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында "AltynEx Company" кенішінде Алтынды және Қайыңды ауылдарының 9-11 сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.
Шара мақсаты - оқушыларды өндірістік қызметпен таныстыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және салаға қажетті кәсіби білім алуға қызығушылықты арттыру.
Жастар кәсіпорынның өндірістік алаңдарын аралады, кенді тиеу, түсіру және қоймалау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, оқушылар кенді ұсақтау және сынамаларды іріктеу барысымен танысып, сынақ-талдау зертханасында болды. Экскурсия барысында жастар тәжірибелі мамандармен сөйлесіп, сұрақтарына жауап алды. Экскурсия оқушылардың қызығушылығын оятты. Олардың көбі жинаған жаңа тәжірибе жұмысшы мамандықтарға жаңаша қарап, өндіріс саласымен байланысты болашақ мамандығын таңдауға ой салғанын атап өтті.