Пресс-центр

Терроризмнің жолын кесу шаралары туралы

KZ
Мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша еліміздің кәсіпорындарында терроризм қаупі туындаған жағдайда оның жолын кесу және қауіпсіздік ережелері туралы мәселе көтеріліп жатыр. Бұл тақырыптағы ролик «AltynEx Company» АҚ кенішінде компанияның түрлі бөлімшелерінің арасында да көрсетілді. Кездесулерде күмәнді заттарды анықтау және бұл жағдайда қалай әрекет ету, қайда хабарлау керектігі, жұмыс орнында және одан тыс жерде не істеу қажеттігі туралы мәселелер талқыланды. Қарапайым, бірақ маңызды нәрсені еске саламыз: шұғыл жағдайда мұқияттылық таныту және дұрыс әрекет ету адам өмірі мен денсаулығын сақтауы мүмкін.