Вахтада жұмысшылар 15 жұмыс күнін өткізеді. Сондықтан, бұл уақыт еңбекпен қатар, толыққанды демалысқа да арналғаны өте маңызды.
Біздің заманауи жатақханаларымыз екі тұрғын және жуыну бөлмесі бар секциялардан тұрады. Бөлмелердің бәрі жиһазбен толық жабдықталып, оларда кондиционер мен кабель желісіне қосылған теледидар орнатылған. Ғимараттардың бәрінде сымсыз интернет бар. Жұмысшылардың бәрі асханада тамақ ішеді, бірақ әр қабатта орналасқан ас бөлмесінде өздері тамақ істеп ішуіне де мүмкіндік жасалған. Ас үйлерінде тамақ пісіруге арналған керек-жарақ түгел табылады.
Жатақханада намазхана, ал көңіл көтеру үшін диван және теледидар қойылған, оған қоса кітап бұрышы мен нарды, шахмат және де өзге үстел ойындарымен жабдықталған демалыс бөлмесі бар.
Тұрақты спортпен шұғылданатын жұмысшылар турник, зілтемірлер мен жүгіру жолақтары қойылған тренажёр залына барып жаттыға алады.
Жатақханалар, асхана және кеңсе ғимараттарында бейнебақылау жүргізілетінін айта кетейік. Бұл қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тұрмыстық жағдайлардың жоғары деңгейде болуына ӘШБ жауап береді. Оның мамандары тазалық пен тәртіпті қадағалап қана қоймай, вахта жұмысшыларына арнап мерекелік шаралар да ұйымдастырады. Осының арқасында қызметкерлер өз шаңырағынан алыста болса да, қамқорлық пен қолдауды және ұжымның ынтымағын сезінеді.