«AltynEx Company» АҚ компаниясының мерейтойы және Кеншілер күніне орай 6 қыркүйекте салтанатты шара өтіп, ол компанияның табысы мен жетістіктері жолында еңбек сіңірген адамдарға құрметтің символына айналды. Кәсіпорын жұмысшыларын мерекемен Мұғалжар ауданының әкімі Д.Ж. Ермағанбетов пен Қайыңды ауылдық округінің әкімі Ж. Е Құлбаев құттықтады.
«AltynEx Company» АҚ Басқарма төрағасы Ю.С. Алимова, Басқарма төрағасының орынбасары Г.Т. Еңсебаева, кеніш директоры И.В. Гостевских, бас инженер және Кәсіподақ комитетінің төрағасы С.С. Ишниязов және компанияның басқа да өкілдері жұмысшыларға құттықтау сөздерін арнады. Спикерлердің бәрі әр жұмысшының маңызын атап өтіп, оларға адал да мүлтіксіз еңбегі үшін алғыс білдірді. Шарада кәсіпорынның ардагерлеріне де арналған алғысқа толы сөздер көп айтылды.
Кештің салтанаттың бөлігінде 120 еңбек озаты марапаттарға ие болып, қатысушылар «AltynЕx Company» бөлімдері мен учаскелерінің Парад-шеруін тамашалады. Компания қызметкерлерінің тимбилдингі де өте қызықты өтті: сегіз команда күш, тапқырлық және бірге жұмыс істеу қабілеті бойынша жарысқа түсті. Кеш соңында лотерея ойнатылып, қызметкерлер жас әнші Jazzdauren-нің концертін тамашалады. Мерейтойлық мереке біздің мықты команда екенімізді және бізді алда тағы да көптеген жеңістер мен жетістіктер, мақтан тұтарлық оқиғалар күтіп тұрғанын растады!