Тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісеміз! «AltynEx» тау-металлургиялық комбинатын салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру аясында «Мұғалжар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ тарапынан Алтын шығару фабрикасы (АШФ) мен Қалдық қоймасын салудың Эскиз жобасы мақұлданды. Осылайша, барлық алдын ала мақұлдау шаралары аяқталды, ал қазіргі таңда жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптама порталына жүктеліп жатыр