Пресс-центр

Әз Наурыз мейрамы шаттыққа бөледі

KZ
«AltynEx Company» АҚ вахталық қыстағының тұрғындары Наурыз мейрамын көңілді де, қызықты әрі ақжарқын қарсы алды. Қыстақ орталығында әсем киіз үй тігіліп, мол дастархан жайылды. Еңбекшілер қауымы осы жерде бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты. Ал қазақтың ұлттық киімдерін киген Ембі мәдениет үйінің әртістері қойған концерт мерекенің сәнін кіргізе түсті. Ал құрылымдық бөлімшелер арасында ұйымдастырылған спорт сайыстары Наурызға айрықша мән берді. Көрермендер сайысқа түскен әріптестеріне қолдау көрсетсе, білекті мен жүректілер арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрестіру бойынша ең мықтыларды анықтады.

Наурызды мерекелеу асханада жайылған салтанатты кешкі аспен жалғасты. Шараны ұйымдастырушы әкімшілік-шаруашылық бөлімі ауызашарға арнайы дастархан жайған болатын.

Наурыз мейрамы құтты болсын!