Пресс-центр

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу

KZ
Мұғалжар ауданында аудан әкімдігі, Мансап орталығы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Шараға «AltynEx Company» АҚ персоналды басқару бөлімінің бастығы Амангүл Булышева қатысты: «Мұндай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі – жас мамандар мен тәжірибелі кәсіби мамандардың жұмыс табуына тамаша мүмкіндік».

Шараға жалпы саны 12 ұйым қатысып, жұмыс іздеушілерге 80 өзекті бос жұмыс орнын ұсынды. Қатысушылар жұмыс берушілермен сөйлесіп, түйіндемелерін қалдырды және сұрақтарын қойды.

Жәрмеңкені ұйымдастырушыларға белсенді әрі мүдделі жұмыс іздеушілермен кездесіп, өңірдің еңбек әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.