Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында «AltynEx» тау-кен металлургия комбинаты» алтын өндіру фабрикасының қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) бөлігінде жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті тұрғындар арасынан қоғамдық тыңдауларға қатысушылар «AltynEX» тау-кен металлургия комбинатының» алтын өндіру фабрикасын «сыртқы сумен қамтамасыз ету жұмыс жобасына қоршаған ортаға тигізетін ықтимал әсерлері туралы есеп» жобасымен танысты. «AltynEx Company» АҚ өкілдері жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану саласындағы заңнаманың барлық талаптары сақталған жағдайда іске асырылатын жобаға қатысты қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берді. Тыңдау нәтижелері бойынша хаттама ресімделді. Жобалау-сметалық құжаттама қоршаған ортаға әсерді бағалау бөлігінде экологиялық сараптамаға жіберілді.