Пресс-центр

"Балапан" интернет желісіне қосылды

KZ
«AltynEx Company» компаниясы өз қызметінің әлеуметтік бағыты бойынша Қайыңды ауылдық округінің жергілікті тұрғындарды қолдауға бағытталған бастамаларына қолдау көрсетеді. Биыл жүзеге асырылған жобалардың бірі – Алтынды ауылындағы «Балапан» бөбекжай балабақшасына интернет жүргізіп беру болды. Интернет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн трансляция жүргізу үшін бейнебақылау камераларын орнату және олардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажет. Сондай-ақ, интернет балабақшаның e.aktobe.kz жүйесінде жұмыс істеуі үшін де керек.

Бұл жоба аясында биылғы наурызда компания интернет қызметін көрсететін компаниямен 1 200 000 теңгеге келісімшартқа отырды. Енді Алтынды ауылындағы «Балапан» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері үнемі онлайн бақылауда болады.