Пресс-центр

Мектепке арналған спорт жабдықтары

KZ
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарының оқушылардың денсаулығы мен спорттағы жетістіктері үшін маңызы зор. «AltynEx Company» АҚ компаниясы Алтынды ауылындағы мектеп директорының жалпы сомасы 1 036 000 теңге болатын спорт жабдықтарын сатып алу жөніндегі өтінішіне қолдау көрсетті.

Енді қыстақ мектебінде оқушылардың жылдың кез-келген мезгілінде спортпен айналысуына арналған доп, шахмат, тоғызқұмалақ, коньки, футбол формасы сынды өзге де көптеген жабдықтар бар.

Біздің балаларымыздың дені сау, өздері мықты болып, үлкен спорт әлеміне басқан қадамы мығым болсын!