Пресс-центр

Жаңғырту жұмыстары

KZ
Кеніштегі жұмысты жақсарту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында тау массасын шығару кезінде жартылай автоматты режимдегі жұмысты қамтамасыз ететін 2Ц 4*2,3 шахталық жүк көтергіш машинасын жаңғырту аясындағы жұмыстар жүргізілді.

Аталған машинаны басқару жүйесі ауыстырылды. Ол өз кезегінде жүк тиелген скипті босату кезіндегі адам факторы қаупін төмендетеді. Одан бөлек, мөлшерлегіш бункер де жаңартылды. Бұл жұмыстар беру кешенінің жалпы өнімділігі мен тиімділігін арттырды.