Пресс-центр

Командалық жұмыс

KZ
Персоналды басқару бөлімінің бастамасымен 19 қарашадан бастап компанияда басшылар мен инженерлік-техникалық жұмысшыларға арналған «Команданы басқару» курсы бойынша онлайн оқу өткізіледі. Бұл – бизнес процестерге қатысты тақырыптар бойынша оқудың төрт бөлімінің бірі. «Команданы басқару» аталатын бірінші курс ең маңыздыларының бірі, өйткені ол soft skills, яғни «жұмсақ дағдыларды» дамытуға бағытталған. Мамандығына қарамастан әрбір жұмысшы ең аз дегенде әріптестерімен, қарамағындағы адамдармен, басшыларымен және серіктестерімен жақсы қарым-қатынас жасауға арналған бірнеше дағдыны меңгеруі тиіс.

Курсқа қатысты өз ойымен автотранспорт учаскесінің бастығының орынбасары Евгений Владимирович Гирка бөлісті:

– Команданы және жұмыс процесін басқару – өте қызық тақырып, Басшылар үшін ең бірінші кезекте қандай да бір міндетті орындауда «қақ ортаны» таба білу, бәріне мұқият болу, алға қойылған міндетті орындауда ұжымды ұйымдастыра білу, жұмысшыларды тыңдай және оларды сөйлете білу өте маңызды. Тек басшы ғана емес, сонымен бірге психолог та болу қажет. Команданың көңіл-күйін және оның өмірлік процесін дұрыс түсініп, оларды ынталандыру – басшы үшін керек қасиеттер. Команда ішінде жауапты және ынталы жұмысшыларды анықтай білу де маңызды. Оқуға қатысуға мүмкіндік алғаным үшін рахмет. Жаңа да көп білім үйрендім. Мықты команданы қалай құрып басқаруды түсінудің