Пресс-центр

KIOSH 2026 бойынша тәжірибе алмасу

2026-05-21 11:20 KZ
«AltynEx Company» АҚ қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналған KIOSH 2026 XIV Қазақстан халықаралық конференциясы мен көрмесіне қатысты. Конференцияға қатысу үшін компанияның ҚжЕҚ бөлімінің бастығы А.А. Абдуллин, ӨБҚ инспекторы С.Б. Ақмұрзин және ЖТУ бастығының орынбасары Т.Е. Мұратов іссапармен барды.

Конференция барысында оған қатысушылар жеке қорғаныс құралдарымен және өнеркәсіптік жабдықтармен танысып, еңбек қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға қатысты. Сондай-ақ, Қазақстаннан және шетелден келген сарапшылармен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.