Қайыңды ауылдық округі әкімінің үндеуіне жауап ретінде «AltynEX Company» компаниясы Алтынды қыстағындағы Құндызды су қорғау бөгетінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастау туралы шешім қабылдады. Аталған жоба аясында 3700 тонна жыныстар мен габариті үлкен заттарды тасымалдау үшін «AltynEX Company» компаниясының арнаулы техникалары - БелАЗ, КамАЗ, бульдозер мен экскаваторлар тартылды. Бөгетті қалпына келтіру жұмыстары Алтынды қыстағын қолдау және дамыту бойынша компанияның әлеуметтік саясаты аясында жүргізілуде. Биылғы қыркүйекте басталған жұмыстар аяқталуға жақын: қазір жалпы жұмыс көлемінің 90%-ы орындалды.