Пресс-центр

Қызметкелерді басқару бөлімін оқыту

KZ
Осы аптада «Altynex Company» АҚ кеңсесінің базасында Каспий университеті «Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасын қолдану теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында оқу өткізді. Үш күндік корпоративтік семинарға Компаниялар тобының қызметкерлерді басқару жөніндегі мамандары, оның ішінде «Altynex Company» АҚ қызметкерлері қатысты.

Оқу барысында семинар қатысушылары ҚР Еңбек кодексіндегі өзекті өзгерістер туралы біліп, еңбек қатынастарын нормативтік-құқықтық реттеу тәртібін үйренді. Жұмыс уақыты режимі және оны қолдану тәртібі, еңбек саласындағы әлеуметтік серіктестік механизмі, ұжымдық еңбек қатынастарын халықаралық-құқықтық реттеу және басқа да өзекті тақырыптар бойынша білімін тереңдетті.

Сондай-ақ, семинар аясында Компаниялар тобының қатысушылары өз тәжірибесімен бөлісіп, түрлі кейстерді (case study) талқылауға қатысты. Семинар қорытындысында қатысушылар Каспий университетінің сертификаттарын иеленді.