Пресс-центр

Біздің басты кәсіби мерекеміз

KZ
Кеншілер күні – біздің басты кәсіби мерекеміз. Биыл ол футбол турнирінен бастау алып, мерекелеу шаралары Алтынды кентінің саябағындағы сахнада шат-шадымен концерт пен марапаттау салтанатымен жалғасын тапты.

Ақтобе облысы Мұғалжар ауданының әкімі Д.Ж. Ермағамбетов пен Қайыңды ауылдық округінің әкімі Н.Ж. Жалғас «AltynEx Company» АҚ қызметкерлерін құттықтап, компанияның құрылып-қалыптасуына еңбек сіңірген жандарды Алғыс хатпен марапаттады.

«AltynEx Company» АҚ-ның барша жұмысшылары мен кент тұрғындарын Кеншілер күнімен Басқарма Төрағасының орынбасары Г.Т. Еңсебаева, Техникалық директор Б.А. Бахрамов және Кеніш директоры И.В. Гостевских те құттықтады. Мерекеге орай, қызметкерлерге кәсіпорынды дамытуға қосқан үлесі үшін «Еңбек үздігі» грамотасы мен сыйға теледидар табысталды. Түрлі кәсіп иелері Алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, кеніш ардагерлері мен компанияның мердігер ұйымдары да сый-сыяпаттан құр қалған жоқ. Ал 54 жұмысшы кәсіподақтың сыйлықтары мен грамоталарына ие болды.

Біз Алтынды тұрғындары үшін Кеншілер күні халықтық мерекеге айналғанына қуаныштымыз. Олар мереке аясында ұйымдастырылған спорттық сайыстар мен лотереяға белсенді қатысты.