Пресс-центр

«Еңбек жолы – 2026» республикалық байқауында ІІ орын

2026-09-24 14:12 KZ
Бас механик бөлімінің жерүсті тау техникасы учаскесінің механигі Владимир Иванович Таран республикалық «Еңбек жолы – 2026» байқауында «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша ІІ орын иеленді

Байқау қорытындысында Владимир Иванович Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровтың атынан дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Владимир Ивановичке біздің компаниямыздың жас мамандарын дамыту мен қолдауға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейде мойындалуымен құттықтаймыз!

Біз өз қызметкерлеріміз бен олардың еңбектегі табыстарын мақтан тұтамыз!