Пресс-центр

Өртке қарсы жаттығу

2024-06-14 10:31 KZ
14 маусымда кезекті өртке қарсы жаттығу өтіп, оның барысында жұмысшыларды кеңседен эвакуациялау және өртті сөндіру үшін су құбырын іске қосу шаралары ұйымдастырылды. «AltynEx Company» АҚ Бас инженері Сабыржан Ишниязов атап өткендей, мұндай оқулар тек қауіпсіздікті ғана емес, жұмысшылардың өзара бірлігін де арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шараларының бірі – өрт кезіндегі жаттығу «AltynEx Company» АҚ компаниясының кеңсесінде ғана емес, сонымен бірге тұрғын және өндірістік ғимараттарында да бекітілген кестеге сәйкес және Қоғамның құтқарушы командаларының қатысуымен өткізіліп тұрады.