Мұқтаж екібастұздықтар үшін «AltynEx Company» АҚ 20 тонна тауық етін сатып алды. Гуманитарлық көмек бар жүк көлігін Екібастұз қаласының әкімдік өкілі әлеуметтік қорғау Департаментінің басшысы, сондай-ақ «Қайырымдылық» қоғамдық қорының басшысы қабылдап алды. Олардың бақылауымен барлық өнімдер Екібастұздың аз қамтылған тұрғындары арасында таратылатын болады.