Пресс-центр

Қоғамдық тыңдаулар

KZ
2024 жылғы 28 наурызда сағат 15.00-де «AltynEx Production» ЖШС қоғамдық тыңдаулары өтеді. Олар «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Юбилейное кен орнында қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып, «AltynEx» Тау-металлургиялық комбинатының Алтын алу фабрикасының құрылысы» жобасы бойынша болатын қызметтен күтілетін әсерлер есебі туралы есеп бойынша ашық жиналыс тәсілімен өткізіледі.

Қоғамдық тыңдаулар келесі мекен-жайда өтеді: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қайыңды а.о., Алтынды ауылы, Астана көшесі, 21, «Престиж» ғимаратының конференц-залы.

Қатысушыларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Тыңдауларға ZOOM платформасында видеоконференция тәсілімен қатысу үшін келесі телефон арқылы хабарласу қажет: Шапорев Дмитрий Геннадьевич, 8-705-702-56-19, эл. Мекен-жайы: d_shaporev@kgcm.kz.

Жоба бойынша құжаттамалар Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ және ЖАО сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zherpaidalanuy/ жарияланған.