Пресс-центр

ШЖҚ мамандарын оқыту

KZ
«AltynEx Company» АҚ-ның шаң-желдету қызметінің (ШЖҚ) мамандары газ есептегіштері, шығын өлшегіштер және газ талдағыштардың құрылымы туралы оқуға қатысып, оларды қауіпсіз пайдалану қағидалары мен метрологияның негізін меңгерді.

Оқу бағдарламасы теориямен ғана шектелмей, тәжірибелік сабақтарды да қамтыды. Қатысушылар құралдарды калибрлеп, оларда тесік не жарықтардың жоқ болуын тексерді және көрсеткіштерін жазып алуды тәжірибе жүзінде орындады. Оқу қорытындысы бойынша ШЖҚ бастығы Райымбек Мұратұлы Жеңісов, ШЖҚ шебері Ақниет Серікұлы Таймұханбетов, ШЖҚ шебері Ерасыл Ормағамбетұлы Бұрханов аттестациядан сәтті өтті.