Пресс-центр

Кеншiлер Саябагы

KZ
Тамыздың соңында бүкіл Алтынды кенті мен біздің бәріміз үшін аса маңызды оқиға – Кеншілер саябағының салтанатты ашылу рәсімі болды.

Бұл рәсімге дейін көптеген дайындық жұмыстары атқарылған болатын. «AltynEx Company» қызметкерлері өз күшімен саябақ қақпасын тұрғызып, сахнаны жаңалап, бақ қоршауларын бояды. Одан бөлек, саябақ жерінің өнімділігін арттыру мақсатында оны өңдеп, алдағы көктемде ағаш отырғызуға дайындады. Бұйырса, бірнеше жылдан соң Кеншілер саябағы Алтынды кентінің жасыл алқабына айналады.