Пресс-центр

Жұмысшылар денсаулығы – басым бағыт!

KZ
Кеніштегі жұмыс жоғары қысым мен тәуекелдермен байланысты. Сондықтан жыл сайынғы тұрақты медициналық тексерулер қауіпсіздік пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі болып табылады. Қыркүйекте «AltynEx Company» АҚ екінші вахтасының 300 жұмысшысы міндетті медициналық тексеруден өтті. Мұндай тексерулер аурулардың алғашқы белгілерін уақытылы анықтауға, жалпы және кәсіптік аурулардың алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, апаттық жағдайларды болдырмауға септеседі.

«Әрбір медициналық тексеру қызметкерлерге қамқорлықтың белгісі және қауіпсіз еңбектің кепілі болып саналады», – дейді Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің мамандары. Бірінші вахта жұмысшылары міндетті медициналық тексеруден қазанда өтеді.