Пресс-центр

Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды білім

KZ
Төтенше жағдайларға дайын бол! Дәл осындай ұран аясында «AltynEx Company» АҚ 1-25 наурызда Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық шараларын өткізді. Оқу шаралары үш аптаға созылып, кезең-кезеңімен бірінші және екінші вахтадағы барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысшыларын қамтыды.

Қазақстандағы су тасқыны мен өзге де төтенше жағдайлармен байланысты соңғы оқиғалар көрсеткендей, азаматтық қорғаныс бойынша білімнің қашан да айрықша маңызды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөліміндегі ұйымдастырушылардың сөзінше, «AltynEx Company» АҚ өндірістік нысандарындағы таныстыру шаралары өте пайдалы болған. Соның арқасында компания қызметкерлері төтенше жағдай қаупі туындаған жағдайда сақтау қажет ережелер туралы білім көкжиегін кеңейтті.