Пресс-центр

Білім күні

KZ
Мұғалжар ауданындағы Алтынды кентінде салтанатты алғашқы қоңырау шарасына жиналған көңілді де сүйкімді балаларға көзің тояды. «AltynEx Company» компаниясы Білім күнін айрықша мерекеге айналдыруға барын салды. Көп жылғы дәстүр бойынша Алтынды кентінің бірінші және екінші сынып оқушылары «AltynEx Company» компаниясынан оқу құралдары салынған мектеп рюкзагын сыйға алды. Балаларға сыйлықты компанияның Бас инженері/Кәсіподақ төрағасы Сабыржан Сағитжанұлы Иншниязов табыстады. Оның өзі де осы мектептен түлеп ұшқан. Содан да болар, мектеп директоры К.Н. Ахметовпен бірге оқушылар мен мұғалімдерге арнап құттықтау сөзін сөйлеген ол ерекше сезімде болды.

Айта кету керек, оқу жылының алдында «AltynEx Company» мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аулада жүргінші жолын салып, мектепке кіреберіс жолды абаттандырды.

Білім күні құтты болсын! Оқушылардың бәріне денсаулық, жақсы баға және оқу жылының табысты болуын тілейміз!