Кеніш ұжымы Жерасты тау-кен учаскесінің жерасты өздігінен жүретін машиналар машинисі Ердесов Аманбай Әсетоллаұлын құрметті демалысқа шығарып салды. Оның кәсіби шеберлігі, тәжірибесі мен жауапкершілігі өндірістік міндеттердің уақытылы орындалуына, тау-кен техникасының үздіксіз жұмысына және жерасты жұмыстарының қауіпсіздігіне тікелей ықпалын тигізді. Аманбай Әсетоллаұлы өзіне жүктелген міндеттерді әрдайым жоғары деңгейде орындады.
«AltynEx Company» АҚ кенішіндегі 11 жылдық еңбек жолында Аманбай Әсетоллаұлы өзінің білікті, жауапты әрі тәжірибелі маман екенін дәлелдеп, әріптестерінің зор құрметіне ие болды.
Ұжымдық жиында компания басшылығы мен әріптестері Аманбай Әсетоллаұлына көп жылғы еңбегі мен ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, бақ-береке және жайлы зейнет демалысын тіледі.