Пресс-центр

Екінші вахта жұмысшыларын салтанатты марапаттау

2025-09-19 10:24 KZ
Кеншілер күні мен "AltynEx Company" АҚ компаниясының 10 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар жалғасып жатыр. 17 қыркүйекте 2-ші вахта жұмысшыларын салтанатты марапаттау рәсімі болды. Кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан еңбек үздіктері мен озаттарын компания басшылығы атынан Бас инженер С.С. Ишниязов құттықтап, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Ол әрбір жұмысшының кәсіби жетістіктерін атап өтіп, іске адалдығы, жауапкершілігі және қол жеткізген жоғары нәтижелері үшін оларға шын жүректен алғыс білдірді.