Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Алтынды ауылында жалпы орта білім беретін жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі болды. 60 оқушыға арналған білім ошағы заманауи талаптарға сай келеді. Мектепте химия, биология, физика бойынша 10 пән кабинеті, сондай-ақ заманауи жабдықталған зертхана бар. Олар оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Жаңа мектептің ашылуы – Алтынды ауылы үшін аса маңызды оқиға, өйткені іргетасы мектеп партасында қаланған білім мен тәрбие тек балалардың ғана емес, бүкіл елдің жарқын болашағының кепілі.
«AltynEx Company» АҚ көп жылдардан бері ауылдағы мектепті өз қамқорлығына алып келген еді. 2018 жылдан бастап компания өз ғимараттарын мектеп қажеттілігі үшін беріп, оқу процесінің толыққанды жүруіне жағдайлар жасап келді.
Біз ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтаса отырып, Алтынды ауылы мектебінің оқушыларына үздік білім, қызықты да жемісті оқу жылдарын тілейміз! Жаңа білім ошағы жаңа жетістіктерге жетелей берсін!