Өткен демалыс күндері кеніште біздің медицина қызметкерлерімізді баға жетпес еңбегі, өз ісіне адалдығы және әрбір қызметкердің денсаулығына қамқорлығы үшін алғыс айтып, құттықтадық.
Кеніштегі әрбір жаңа жұмысшының жолы медициналық тексеруден басталады. Ол қызметкердің кәсіби міндеттемелерін орындауға дайындығын анықтап, растайды. Біздің медиктер кезең сайынғы міндетті медициналық тексеру жүргізіп, әрбір жұмысшының денсаулығын қадағалайды. Қандай да бір аурудың асқынуын және инфекциялардың таралуын болдырмау үшін жұмысшылардың денсаулық жағдайындағы өзгерістерді бақылайды.
Кеніштегі әрбір ауысым жұмысы ауысымалды медициналық куәландырудан басталады. Оның арқасында бүкіл өндірістік процестің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Кеніш медперсоналының ортақ іске қосып жатқан үлесіне баға жетпейді. Сіздерге кәсібилік, жауапкершілік және адал еңбек үшін алғыс айтамыз!