Пресс-центр

Қызметкерлер денсаулығы қырағы бақылауда

KZ
«AltynEx Company» АҚ компаниясы кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алудың профилактикалық шараларына айрықша мән береді:

1. Адамдар жұмысқа тек денсаулық сақтау ұйымдарында алдын ала медициналық тексеруден өтіп, өзінің денсаулығында ақау жоқтығы және мамандығы бойынша жұмыс істеуге дайын екенін растағаннан кейін ғана қабылданады.

2. Компания жұмысшылардың денсаулық жағдайын тексеру, ауру белгілерін ерте кезінде анықтау, жалпы, кәсіптік және инфекциялық сырқат түрлерінің алдын алу мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарында тұрақты әрі міндетті медициналық тексерулер ұйымдастырады.

3. Кәсіпорындағы медициналық пункт қызметкерлері әр ауысым алдында қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылайды.

Жоғарыда аталған шаралардың бәрі ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Компанияның медициналық пункті емдік іс-шараларына арналған кабинетпен жабдықталған. Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері тәулік бойы кезекшілік етіп, түрлі тосын жағдайларда жұмысшыларға көмек көрсетуге және медициналық мекемелерге жеткізуге дайын болады.