Пресс-центр

Апаттың алдын алуға арналған жаттығу

KZ
Биылғы қаңтарда «AltynEx Company» АҚ кенішінде апаттың алдын алуға арналған жаттығуларды өткізу кестесі бойынша шараларды жүзеге асыру басталды. Бірінші оқу-жаттығуға апаттық-құтқару қызметтерін көрсететін «Ort sondirushi KZ» ЖШС және «Сервис пром KZ» ЖШС мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі қатысты. Апатты жою жоспарына сәйкес, оқу-жаттығу шаралары өрт туындау қаупі жоғары ЖЖМ қоймасының жанармай құю бекетінде өткізілді.

Сценарий бойынша ЖЖМ қоймасының операторы кеніш диспетчеріне жанармай құю колонкасынан жанармай құйып алу кезінде транспорт құралында от тұтанғанын хабарлады. Апат орнына жедел жеткен құтқару және өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндіру мен жою шараларына дереу кірісті. Оттың отын беру кешенінен жанармай резервуарларына таралуын болдырмау мақсатында мамандар автокөлікті шет жерге сүйреп шығарды.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің қызметкерлері атап өткендей, жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толық орындалды. Өткізілген іс-шара апаттық жағдайды жою кезінде бірлескен жедел әрекеттерді пысықтауға ықпал етіп, «AltynEx Company» АҚ мен мердігер ұйымдар қызметкерлерінің төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдары жөніндегі білімін арттырды.