Пресс-центр

«AltynEx Company» футбол турнирі

KZ
Дәстүр бойынша, «AltynEx Company» АҚ Кеншілер күнін мерекелеуді футболдан бастады. Турнирге қатысуға компанияның келесі бөлімдерінен алты команда қатысуға ниет білдірді: Техникалық бақылау бөлімі, Жерасты тау учаскесі, Сынау-талдау зертханасы, Бас энергетик бөлімі, Бас механик бөлімі, Алтынды кеңсесі. Сондай-ақ, турнирге Мұғалжар ауданы әкімдігінің командасы да қатысты.

Тартысты ойын алты сағатқа созылды! Қазылар алқасының мүшелерінің айтуынша, футболшылардың бәрі де ойынға барын салды, дегенмен ең мықтылары жеңімпаз атанды. III орын Мұғалжар ауданы әкімдігінің командасына бұйырса, ІІ орынды Сынау-талдау зертханасы командасы иеленді. Ал капитан Сержан Кенжеғалиев бастаған Техникалық бақылау бөлімінің командасы турнир чемпионы атанып, жеңіске жетті!

Турнирдің ақтық сынында өнер көрсеткен мықтыларды «AltynEx Company» АҚ Техникалық директоры Бағдат Амангелдіұлы Бахрамов құттықтап, оларға медаль, кубок және ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Футбол турнирі тек ойыншылар ғана емес, жанкүйерлердің де үдесінен шығып, керемет көңіл-күй сыйлады.