Жаңа жылдық мереке жақындап келеді. Соған орай, балалар да жаңа жылдық сыйлықтар мен құттықтауларды тағатсыздана күтіп жүр. «AltynEx Company» компаниясы «Сделай детям добро» қоғамдық қорының үндеуімен «Жаңа жылдық ғажайып» жобасына қатысуға шешім қабылдады. Қор алты жылдан бері мүмкіндігі шектеулі және ауыр науқасқа шалдыққан балаларға қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Компания Жаңа жыл қарсаңында қор қамқорлығындағы балаларды қуанту үшін аталған жоба аясында сыйлықтар алуға 200 мың теңге қаражат аударды.