Биылғы шілдеде «Капитальная» шахтасының тік жолына оның тозған арматуралы қаңқасын және металл жоғары көтергіштерін ауыстыра отырып күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстары аясында кәсіпорын жұмысшыларының шахтаға қауіпсіз түсіп-шығуына арналған көтергіш кабина да жаңаланды. Бұл шаралар кеншілер жұмысының қауіпсіздігі мен сенімділігін күшейтеді.