«AltynEx Company» АҚ 10 жылдығының аясында кеніш аумағында заманауи волейбол алаңы ашылды. Оны салу жұмыстары шілдені аяғында аяқталды.Кешкі уақытта мұнда түрлі бөлімшелердің командалары жиналып, достық матчтар мен жаттығулар өткізеді. Волейбол қашан да кеніш қызметкерлерінің сүйікті ойындарының бірі болатын. Ал заманауи жабындысы бар жаңа алаңның ашылуы ойынды мүлде жаңа деңгейге көтерді. Бұл белсенді демалып, командалық рухты күшейтудің және жақсы физикалық форманы сақтаудыңтамаша мүмкіндігі!