Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28 сәуірде Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Оның мақсаты – бүкіл әлемде жұмыс орындарындағы қайғылы оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға үлес қосу болып табылады.
28 сәуір қарсаңында, қауіпсіз еңбек, жарақаттар мен аурулардың алдын алу, корпоративтік құндылықтарды қолдау мен Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнін компания бойынша мерекелеудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 22-30 сәуір аралығында «AltynEx Company» АҚ қауіпсіздік апталығы жарияланды. Ол «Адам факторы – қауіпсіз еңбектің ең басты факторы» ұранының аясында өтіп жатыр.
«AltynEx Company» АҚ ҚжЕҚ бөлімінің атынан компания ұжымын Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнімен құттықтап, әрбір жұмысшыға жарақаттар мен апатсыз еңбек қауіпсіздігін және денсаулық пен отбасында амандық тілейміз.
Біздің әрбіріміз жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосатынымызды есте сақтаңыздар. Өндірістік міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарап, БІЗДІ үйімізде жақындарымыз бен туыстарымыз күтіп отырғанын ұмытпайық.