Пресс-центр

Ерікті медициналық сақтандыру

KZ
Денсаулық – әр адам үшін ең маңызды құндылық, сондықтан «AltynEx Company» АҚ компаниясы қызметкерлерінің денсаулығын қорғау мен жайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған бағдарламаларға ерекше көңіл бөледі. 2024 жылы «AltynEx Company» АҚ-ның барлық қызметкері ерікті медсақтандыру (ЕМС) бағдарламасы бойынша сақтандырылды.

«Компания медсақтандыру бағдарламасына көп қаражат бөледі. Біз соған орай қызметкерлердің бәрін осы мүмкіндікті пайдалануға үндейміз. Өз денсаулығыңды күту, дәрігер мамандарға уақытылы қаралу өзіңді жақсы физикалық формада ұстау үшін өте маңызды», – деп атап өтті компания басшылығы.

Қызметкерлердің бәрінде ЕМС пакетіне кіретін жеке медициналық орталықтардың қызметтеріне қолжетімділік бар. Бұл тізімге медициналық тексерілу, тар бейінді мамандардан кеңес алу, диагностикалық зертханалық зерттеулер, ЭКГ, УЗИ, рентгенография, флюорография, КТ, МРТ және өзге де қызмет түрлері жатады. Сондай-ақ, әрбір жұмысшыда онлайн кеңес алып, бұл қызметтерге өз отбасының бір мүшесін де қосу мүмкіндігі бар.

Деніңіз сау, өзіңіз аман болыңыз!