3 қыркүйекте Алтынды кентінің алаңдарында мини-футбол мен волейболдан спорт турнирлері өтіп, «AltynEx Company» АҚ бөлімшелерінің командалары шеберлік қана емес, командалық рухты да паш етті. Футболдан чемпионатқа қатысу үшін СТЗ, ЖТУ, Алтынды кеңсесі, БЭБ, БМБ, Алтынды мектебі, ӘТК, АТУ командалары өтініш берді. Волейбол бойынша турнирге ӘТК, СТЗ, ТББ, ЖҚУ, АТУ және Алтынды кеңсесі мен 2 ЖТУ және 2 БМБ командалары қатысты. Матчтардың әрбірі өте тартысты әрі қызықты өтті, ал жанкүйерлердің қолдауы ойыншыларға жаңа күш берді.
Турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері лайықты марапаттарға ие болды.
Мини-футбол бойынша жарыс:
1 орын – СТЗ командасы
2 орын – АТУ командасы
3 орын – Алтынды кеңсесі командасы.
Айсұлтан Алтынбеков (СТЗ) үздік футболшы болып танылды.
Волейбол бойынша турнир:
1 орын – ЖТУ командасы
2 орын – ЖТУ командасы
3 орын – Алтынды кеңсесі командасы.
Волейбол бойынша ерлер арасында үздік ойыншы болып Ардақ Ұлықпанов (ЖТУ) танылса, әйелдер арасында бұл атаққа Гүлдана Баймағамбетова (ӘШБ) және Аида Уразбаева (ӨТБ) ие болды.
Сондай-ақ, компания мерейтойының қарсаңында «Шығармашылық шеберхана» байқауының қорытындысы шығарылды. ЖТУ қызметкері С. Нұрниязованың жұмысы жеңімпаз болып белгіленсе, екінші орынды АТУ командасының шығармашылығы иеленді. Үздік үштікті БМБ Өжқу бұйымы қорытындылады. Байқаудың алты қатысушысы: А. Қангелдинова (СТЗ), Б. Дүйсенова (СТЗ), К. Трынц (ТББ), Э. Киреева (БЕБ) және Орталық қойма командасы ақшалай ынталандыру сыйлықтарын алды.