Пресс-центр

Ауа сапасын бақылау станциясы

2025-08-20 14:30 KZ
Бізде «AltynEx Company» АҚ Қоршаған ортаны қорғау бөлімінен екі керемет жаңалық бар. Біріншіден, биылдан бастап біздің кеніште атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын 4 станция жұмыс істейді. AMS-09 құралдары «Юбилейное» кен орнының периметрі бойынша батыс, шығыс, солтүстік, оңтүстік – төрт жерде орнатылды.

Екіншіден, құралдар жасыл технологиялар – жел құрылғысы және күн панельдерінің көмегімен жұмыс істейді. Бұл бастаманы әрдайым қоршаған орта үшін тиімдірек шешімдерді іздеп жүретін өзіміздің экологтар көтергенін ерекше атап өту маңызды.

AMS-09 типті станциялар не үшін қажет? Ол туралы бізге Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Динара Бисенбаева айтып берді:

– Ауа сапасын бақылау станциялары синоптикалық және климаттық бақылау жасауға, сондай-ақ атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізуге көмектеседі. Атап айтқанда, біз өлшенген бөлшектерді, көміртек тотығын (СО), күкірт қос тотығын (SO₂), азот қос тотығын (NO₂), желдің жылдамдығы мен бағытын, температураны, ылғалдылықты, қысымды назарда ұстаймыз. Біздің бақылауымызша, барлық көрсеткіштер қалыпты деңгейде.