Пресс-центр

Ақтөбе облысының тауар өндірушілерін қолдау

2024-03-26 13:39 KZ
Биыл Ақтөбе облысының әкімдігі, Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы және "AltynEx Company" АҚ арасында қазақстандық жергілікті өндірушілердің тауар айналымын арттыруға бағытталған Келісімге қол қойылды. Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің палатасы - "Атамекен" ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының Ақтөбе облысы бойынша барлық жерасты қыртысын пайдаланушылар арасында тауар қажеттілігін зерттейтін аймақтық бөлімшесі. Палатаның негізгі міндеті - тауарға деген сұранысты анықтау және жергілікті кәсіпкерлерді мемлекеттік гранттар бойынша жергілікті өндірістерді ашуға тарту болып табылады. Әріптестік жөніндегі Келісімге қол қою арқылы "AltynEx Company" АҚ Ақтөбе облысының тауар өндірушілерін қолдайды.