Пресс-центр

Кеніштің көтергіш жабдықтарын жаңғырту

KZ
«AltynEx Company» АҚ кенішінде 2022-2024 жылдар аралығында 2Ц4х2,3 кеніштің көтергіш машинасын басқару жүйесіне Өнеркәсіптік Қауіпсіздікті Қамтамасыз ету Ережелеріне сәйкес ішінара жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Кеніштің көтергіш жабдықтары – машина, механизмдер мен құрылыс жабдықтарының кешені. Ол кеніштің үздіксіз жұмыс істейтін жүрек бұлшықеті іспеттес, жұмысшылардың кенішке түсуін және жер бетіне көтерілуін, сондай-ақ тау-кен массасын жоғарыға шығаруды қамтамасыз етеді. Әрбір механизм секілді, кеніштің көтергіш жабдықтары да жоспарлы техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын қажет етеді. «Жөндеу барысында жабдықтың әбден ескірген бөлшектері қозғалыс жылдамдығын басқарудың заманауи цифрлық жүйесіне ауыстырылды, сондай-ақ көтергіш жұмысының жартылай автоматты жүйесі жүзеге асырылды. Бұл көтергіш кешеннің өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді», – деп түсіндірді АО «AltynEx Company» АҚ бас механигі Олег Юрьевич Казинский.

2022-2024 жылдары жүзеге асырылған шаралар кешені шығарылатын тау-кен массасының көлемін 2017 жылмен салыстырғанда екі есе арттыруға мүмкіндік берді.