Пресс-центр

Astana Hub-тың «AltynEx Company» АҚ кенішіне өнеркәсіптік туры

KZ
10 технологиялық команда индустрияның нақты міндеттерін ішінен көріп, IT-шешімдер қай жерде практикалық нәтиже бере алатынын түсіну үшін «AltynEx Company» АҚ өндірістік нысандарына ұйымдастырылған өнеркәсіптік турға қатысты.

Қатысушылар шахтаны, өндірістік учаскелерді, қоймаларды, зертхананы және өнеркәсіптік инфрақұрылымның өзге де нысандарын аралады. Стартаптар үшін бұл — өнімді таныстырумен ғана шектелмей, нақты процестерді көру, мамандарға сұрақ қою және цифрлық шешімдерді іс жүзінде қолдануды талқылау мүмкіндігі.