«AltynEx Company» АҚ Ақтөбе облысы, Алтынды кентінде және Қазақстанның өзге өңірлерінде әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі. Биылғы тамыз бен қыркүйекте компания «Жомарт Жүрек» ҚҚ-на мерекелік шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, 10 мүгедек балаға мектеп жабдықтарын әперу үшін қаражат бөлді. Компания, сондай-ақ «Ақтөбе облысы Индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ тізімі бойынша тағы 5 балаға көмек көрсетті.
Қайырымдылық жобаларды қолдау – біздің Қазақстан өңірлерінің тұрақты дамуына қосқан үлесіміз.