Пресс-центр

Шабыттандыратын тәлімгер

2026-07-08 22:18 KZ
«AltynEX Company» АҚ Бас механик бөлімі – кеніштегі ең жұмысшысы көп бөлімдердің бірі. Мұнда техниканы өз кәсібінің ең маңызды да негізгі бөлігіне айналдырған білікті мамандар қызмет етеді. Ал олардың көпшілігі үшін Владимир Иванович Таран – өзі үлгі болып, үнемі бағыт-бағдар беріп жүретін аға тәлімгер.

Ол әрдайым тәжірибесін бөлісіп, мамандықты меңгеруге көмектесіп, еңбек жолын жаңадан бастағандарға қол ұшын созып жүреді. Оның білімі, сабырлылығы мен жауапкершілігінің арқасында жастар кәсіби тұрғыда дамып, құнды тәжірибе жинақтайды. Владимир Ивановичтің пікіріне жас мамандар ғана емес, әріптестері де құлақ асады. Өйткені, оның әрбір кеңесінің негізінде мол тәжірибе, даналық және өз ісіне деген шынайы адалдық жатыр👨🏼‍🔧