Пресс-центр

Кеншінің күші – команданың бірлігінде

2026-09-02 08:53 KZ
Биыл Кеншілер күні мерекесі «AltynEx Company» АҚ компаниясында «Кеншінің күші – команданың бірлігінде» ұраны аясында өтті.

Бұл – күн сайынғы еңбегімен, кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығымен кәсіпорынның негізгі жетістіктеріне өз үлесін қосып жүрген жандарға шынайы алғыс айтуға мүмкіндік берген күн болды.

Кеншілерді кәсіби мерекемен:

🔹 Мұғалжар ауданының әкімі Ермағанбетов Дархан Жанысханұлы;

🔹 Қайыңды ауылдық округінің әкімі Құлбаев Жандос Ермекұлы;

🔹 «ALTYNEX COMPANY» АҚ Басқарма төрағасының қаржылық-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Еңсебаева Гүлнар Төлегенқызы;

🔹 Персоналды басқару жөніндегі директор Ниязов Абзал Беркінұлы;

🔹 Кеніш директоры Гостевских Игорь Викторович;

🔹 Кеніштің бас инженері Хамитжанов Бақытжан Нұртасұлы құттықтады.

Айрықша алғыс сөздері кәсіпорынның дамуына маңызды үлесін қосқан қызметкерлерге арналды. Кәсіби мерекенің құрметіне орай, 23 болашақ ардагерге алғыс хаттармен табысталды.

Мереке достық пен командалық рух және көтеріңкі көңіл-күй аясында жалғасын тапты. Жұмысшыларға арналған тимбилдинг, лотерея және спорт байқаулары ұйымдастырылып, қатысушылар күш, ептілік және шыдамдылық бойынша сайысқа түсті.