«AltynEx Company» АҚ команиясы жұмысшылардың вахтадағы өмірі мен жұмысына жайлы жағдайлар жасау ісін үнемі жетілдіріп отырады. Вахталық қалашықтың жатақханасында өткен айда Арнайы киімді жөндеуге арналған кабинет ашылды. Бұл жерде арнайы киімдер мен төсек жиынтықтарын тігу-жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыс әрі сапалы, әрі жылдам болуы үшін келесі заманауи жабдықтар сатып алынды: тігін және матаны торлау машинкалары — олар жұмысшылардың арнайы киімдерін жөндеу және қалпына келтіру үшін қажет; үтіктеу жабдығы — төсек жиынтықтарын үтіктеуге арналған.
Кабинетте кәсіби шебер тігіншілер жұмыс істейді.
Осылайша, компания қызметкерлеріне жайлы жағдай жасау бойынша тағы бір маңызды қадам жасады. Таза, ұқыпты арнайы киім мен төсек жамылғылары вахта қызметкерлеріне жайлылық сыйлап, көңіл-күйін көтереді.