Пресс-центр

Назар аударыңыз! Байқаулар!

KZ
Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні қарсаңында «AltynEx Company» АҚ жұмысшылардың назарын еңбекті қорғау саласындағы мәселелерге аудару мақсатында ақпараттық-түсіндірме кампаниясын жүргізеді. 2024 жылғы 22-30 сәуір аралығында «AltynEx Company» АҚ Қауіпсіздік апталығы «Адам факторы – еңбек қауіпсіздігіндегі ең басты фактор» ұраны аясында өтеді.

Апталық барысында жұмысшылардың балалары арасында Сурет байқауы жарияланады. Оған қатысу үшін 14 жасқа дейінгі балалар ҚжЕҚ тақырыбында А4 және А3 форматта салған суреттерін жолдауы қажет.

Сондай-ақ, компанияда жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасын сақтау және еңбекті қорғау тақырыбындағы Әуесқой фотосуреттер байқауы өтеді. Оған аталған тақырыпта 3-4 фотосурет ұсынған компанияның кез-келген жұмысшысы қатыса алады.

Суреттер мен фотосуреттердің бәрін a.abdullin@altynex.com немесе v.sharikov@altynex.com электронды мекенжайына 27 сәуірге дейін жолдау керек.

Байқауларға қатысып, компанияның бағалы және естелік сыйлықтарын ұтып алыңыздар!