Пресс-центр

Еңбек күніне орай марапат

2026-10-01 14:25 KZ
Ақтөбеде Еңбек күніне орай түрлі саланың 50 өкілі адал еңбегі мен қаланың дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды. Олардың қатарында Бас механик бөлімі Жерүсті тау техникасы учаскесінің жонушысы Әмит Әбжәмиұлы Базаров та бар. Әмит Әбжәмиұлы кеніште 2015 жылғы қазаннан бері жұмыс істейді және әріптестері оны өз ісіне адал кәсіби шебер ретінде жақсы біледі.

«Еңбек – табыс, тұрақтылық және дамудың негізі. Біздің сүйікті қаламыздың өсуі мен дамуы, оның табыстылығы мен тазалығы – біздің әрбіріміздің тынымсыз еңбегіміздің нәтижесі. Зауыттағы жұмысшылардың, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеп жатқан мұғалімдердің, қала тазалығын қамтамасыз ететін коммуналдық сала жұмысшыларының және кәсіпкерлердің адал еңбегі – біздің ортақ табысымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып өткендей, «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» – біздің қоғамның басты темірқазығы болуы тиіс», – деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет салтанатты рәсімде.

Әмит Әбжәмиұлын еңбегіне лайық марапатымен құттықтап, мықты денсаулық, еңбекте жаңа жетістіктер тілейміз!