Пресс-центр

Кен орны туралы

KZ
«Юбилейное» кен орны Мұғалжардағы алтынның жалғыз кен орны. Ол алтын сульфиді мен кварц формациясына жатады және екінші реттік кварциттер мен алтын сульфидті кендері бар кварцты-штокверкті аумақтар түрінде кездеседі. Кеңістік және парагенетика тұрғысынан бұл қалыптасқан кендер Мұғалжар жер қыртысының негізі құрамындағы вулканиттерді тесіп жатқан плагиогранит-порфирлер штогымен байланысты.

«Юбилейное» кен орны ашық және жерасты тәсілмен игерілуде. Ашық тәсілмен игеру 1971 жылы басталса, бастапқы қабатынан қазірге дейін 140 метрге тереңдеді. 2001 жылдан кейін кеншілер ашық тәсілден жерасты тәсіліне көшуді бастады.