«AltynEX Company» АҚ қызметкерлерінің кәсіби дамуы бағдарламасы аясында кеніште «Тау-металлургия саласы кәсіпорындарында минералдық шикізатты сынамалау және бақылау» тақырыбында семинар өтті.
Оқу курсын ТББ байыту өнімдерінің 24 бақылаушысы мен ТББ шеберлеріне тауарлық және технологиялық металл балансын жүргізу, өндірістік процестер аудиті және сапаны бақылау жүйелері саласындағы халықаралық деңгейдегі сарапшы жүргізді.
Бағдарлама аясында мамандар минералдық шикізатты сынамалау және бақылаудың маңызды аспектілерін егжей-тегжейлі қарастырды.
Курстан алған білім мен практикалық дағдылар ТББ мамандарына сапаны бақылаудың дәлдігін және өндірістік деректердің дұрыстығын одан әрі тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.